kk ru
kk ru
Responsive image
Маршруттардың қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізу жоспарлануда
Хабарлама / Фотобаян 22 қараша 2018 ж.
autoreview.ru

Маршруттардың қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізу жоспарлануда

Аудан көлеміндегі ауданішілік және кентішілік кейбір маршруттардың (№3, №4, №5, №6, №7) қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Аталған өзгерістерді іске асыру барысында кент тұрғындарының өтініштері негізге алынып отыр.

Сондай-ақ, Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен «Қазалы Керуен» автовокзал ғимараты іске қосылып, Қызылорда облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 22.10.2018 жылдан бастап №KZ34UWR00000079 «Қызметтің басталғаны туралы хабарлама алынып, алдағы уақытта ауданаралық, қалааралық автобус қатынастары жүзеге асырылатындықтан елді мекендер мен кентішілік жолаушыларға қолайлы болу үшін маршруттарды осы автовокзалмен байланыстыру туралы өтініш келіп түсіп отыр.

Құрметті аудан тұрғындары, қосымшада жүктелген елді мекендер мен кентішілік маршрут қозғалысының схемаларына өз ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруды сұраймыз.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі