kk ru
kk ru
Responsive image
Қазалыда тұңғыш президент күні аталып өтті
Жаңалықтар / Аймақта / Фотобаян 01 желтоқсан 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Қазалыда тұңғыш президент күні аталып өтті

Бүгін Қазалы ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Б.Жарылқап, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, мекеме қызметкерлері, аудан жастары қатысты.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақытжан Дүзелбайұлы аудан жұртшылығын атаулы күнмен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы тереңдігіне тоқталды. Салтанатты шара барысында облыс әкімінің Құрмет Грамотасы, облыс және аудан әкімінің Алғыс хатымен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген сала үздіктері марапатталды. Сондай-ақ бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласының – 200 жылдық» мерекелік медалі табысталды.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі