kk ru
kk ru
Responsive image
Аудан әкімі М.Н.Ергешбаевтың Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен құттықтауы
Жаңалықтар / Аймақта 30 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Аудан әкімі М.Н.Ергешбаевтың Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнімен құттықтауы

Құрметті қазалылықтар!

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Қазақстан халқы 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа сенім артып тарихи таңдау жасады. Содан бергі ширек ғасырдан астам уақытта елі таңдаған Елбасы Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын бекітті. Жас мемлекетті айналасы аз жылда әлем таныған байрағы биік, байтақ елге айналдырды.

Қазіргі Қазақстан Қазақ мемлекетінің жолын жалғастырушы болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бабалардан қалған байрақты жықпай, көк туды көкке өрлеткен тұлға ретінде тарихта қалады.

Қадірлі қауым!

Тарихта бірде-бір мемлекет ширек ғасырға жуық уақыт аралығында Қазақстан секілді әлем таныған елге айнала алған жоқ. Бұл алдағыны қапысыз болжайтын көреген көсем, халқын соқпақты жолдан адастырмай алып өткен қажырлы қайраткер, еліне әлемнің мәртебелі мінберлерінен ойып тұрып орын сайлаған саясаткер, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен ерлігі. Осыдан тура 27 жыл бұрын Қазақстан халқы жасаған тағдырлы тарихи таңдаудың нәтижесі.

Өз тағдырын елімен етене байланыстырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін.

Құрметпен,

Аудан әкімі: Мұрат Ергешбаев

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі