kk ru
kk ru
Responsive image
«Ұлы даланың жеті қыры» - ел рухын көтерген мақала
Жаңалықтар / Аймақта 29 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

«Ұлы даланың жеті қыры» - ел рухын көтерген мақала

Бүгін "Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде" Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының басты бағыттарын түсіндіруге және талқылауға арналған отырыс болып өтті.

Мақаланың мәнін түсіндіру мақсатында мекеме басшысы Кәдір Ардақ және директордың орынбасары Мұхамбетов Тілепберген сөз алып, "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласының маңыздылығына тоқталып өтті.

- Елбасы Ұлы даланың мұрасы ұлықталған мақаласында Қазақстанның алма мен қызғалдақ отаны екендігіне тереңдей тоқталған. Расымен де, асқақ Алатау баурайы алма мен қызғалдақтың отаны. Бұл ғылыми түрде дәлелденген. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы - Сиверс алмасының отаны саналады.

Ал, Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемнің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын кездестіруге болады. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, өз əдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулаған ерекше гүлдердің Қазақстанда 35 түрі өседі екен.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының "ұрпағы", - дей келе, Ардақ Нартайұлы ұжымды мақалада айтылған ұлттық құндылықтарды ұлықтау мен руханият өрісін одан әрі жаңғырту жолына біркісідей атсалысуға шақырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі