kk ru
kk ru
Responsive image
Құқықтық оқыту семинары өтті
Жаңалықтар / Аймақта 28 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Құқықтық оқыту семинары өтті

Ағымдағы жылдың 23 қарашасы күні аудан әкімдігінде Қазалы ауданы әкімінің аппараты басшысы Н. Жалғасбаевтың төрағалығымен құқықтық оқыту семинары өткізілді. Күн тәртібінде мемлекеттік сатып алу заңнамаларын қолдану тәртібі және заңға енгізілген өзгерістер туралы мәселе қаралды. Аталған мәселеге сәйкес Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы М. Қайруллаев баяндама жасады. Баяндамашыға жиынға қатысушылар тарапынан сұрақтар мен ұсыныстар айтылып, тиісті жауап алынды.

Семинар соңында Қазалы ауданы әкімі аппараты басшысы Н. Жалғасбаев атқарылған істерге бағасын беріп, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі