kk ru
kk ru
Responsive image
"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан шұғыл хабарлама!
Жаңалықтар / Хабарлама 23 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан шұғыл хабарлама!

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының дабылды ескертуіне (21.11.2018 ж. АГҚ №99) сәйкес, 2018 жылдың 22-23 қараша күндері Сырдария өзенінің төменгі ағысында мұз кептелісі және 24 қараша күні кей жерлерде қатты жауын-шашын болжамына байланысты су деңгейінің көтерілуі және судың жайылымға шығуы мүмкіндігін ескертеміз.

Осыған орай, сәтсіздік жағдайларының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауларыңызды және қауіп-қатер туындаған жағдайда шұғыл хабар берулеріңізді сұраймыз.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі