kk ru
kk ru
Responsive image
Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды
Жаңалықтар / Аймақта 05 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Аудан әкімінің орынбасары тағайындалды

Қазалы ауданы әкімінің өкімімен Жарылқап Бақытжан Дүзелбайұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бақытжан Дүзелбайұлын барлығыңыз жақсы білесіздер. 1966 жылы Арал ауданы, Октябрь ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Білімі жоғары. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қазалы ауданының Бозкөл кеңшарында аға экономист болып бастаған.

1992 жылы осы кеңшарда бас есепшінің орынбасары, 1992-2004 жылдары аудандық қаржы бөлімінің аға экономисі, бөлім бастығының орынбасары – бюджет инспекциясының бастығы, 2005-2007 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің меңгерушісі, 2007-2011 жылдары аудан әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, 2011-2013 жылдары аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, 2013-2016 жылдары аудан әкімінің орынбасары, ал, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.