kk ru
kk ru
Responsive image
Аудандық «Алтын дән – 2018» молшылық мерекесі өтті
Жаңалықтар / Аймақта 02 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Аудандық «Алтын дән – 2018» молшылық мерекесі өтті

Бүгін ауданымызда «Алтын дән-2018» молшылық мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Орталық алаңда ұйымдастырылған шара барынша тартымдылығымен тұрғындарды тәнті етті. Жәрмеңкенің думаны қызып, сауда орындары халық нөпіріне толды.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев жәрмеңкені аралай жүріп, ауыл-ауылдардан жәрмеңкеге өздері өндірген өнімдерін алып келген шаруалармен сөйлесті, еңбек етулерінің қыр-сырларымен бөлісті. Сондай-ақ ерекше көз тартатын гүлдер жәрмеңкесін аралап, аудан басшысы өзінің оң бағасын берді.

Мерекелік шара өз кезегінде орталық алаңдағы концерттік бағдарламаға ұласты. Жиын барысында аудан басшысы Мұрат Ергешбаев сөз алып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.

«Көктемгі әрекет, күзгі берекет», - дегендей, биылғы ауа райының салқын болуына, Сырдария өзенінде қалыптасқан судың жағдайына қарамастан аудан диқандары бітік егін өсіруді қамтамасыз етті. Уақытты тиімді пайдаланып, ұйымшылдықпен астықты ысырапсыз жинап алды. Қырмандар қызылға толып, елдің ырысы артты. Жер - Анамыздың қазалылықтарға берген сыйы өткен жылдардағыдан кем болған жоқ. 6480 гектар күріштің әр гектарынан 44,0 центнерден өнім жиналып, ел қамбасына 28,0 мың тоннадан астам астық құйылды. Бұл зор жетістік, үлкен нәтиже, барша аудан халқының ынтымақты тірлігінің жемісі» - деді аудан басшысы М. Ергешбаев.

Сондай-ақ еңбек озаттары мен үздік шаруашылықтарға аудан әкімі Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады. Мерейлі мерекеде бірқатар азаматтар Қазалы ауданының Құрметті азаматы атағына ие болды. Жәрмеңке одан әрі аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.