kk ru
kk ru
Responsive image
Қазалы ауданында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде арнайы-тактикалық жаттығулар өтуде
Жаңалықтар / Аймақта / Фотобаян 02 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Қазалы ауданында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы кезінде арнайы-тактикалық жаттығулар өтуде

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ІІМ) 2018 жылғы 19 қазандағы № 9779 және облыс әкімінің міндетін атқарушы С.Қожаниязовтың 2018 жылғы 25 қазандағы №05/1-8/7690 ұйымдастыру нұсқаулықтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі орынбасарының басшылығымен аудан аумағында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы (бұдан әрі–оқу-жаттығу) өткізілуде.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау». 

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 қараша күні сағат 09.00-де «Дабыл-1001» дабылы қабылданып, облыстық ТЖ департаментіне 1PS нысаны (донесение о принятии сигнала) түрінде хабарланды. 

Бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылдың 1 қараша күні сағат 9.30-де аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, онда барлық қызмет басшыларының қыс мезгіліне және оқу жаттығуға дайындығы туралы баяндамалары тыңдалды. Отырыста қызмет және жасақ басшыларынан өз міндеттері мен төтенше жағдайлар туындаған кездегі қызмет басшының іс-әрекеті туралы сұралды.

Қыс мезгіліндегі табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу немесе оларды жоюға жұмылдырылатын жеке құрам мен техникалар дайындығын тексеру мақсатында «Қазалы Жолшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұрынғы ДСУ-8 мекемесі) алдындағы көше бойында аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің 12 жасағы, 197 жеке құрамы мен 55 техника сапқа тұрғызылды. 

Оқу-жаттығу кезінде жеке құраммен техникалардың сапқа тұруы фотосуретке түсірілді. Оқу-жаттығу жалғасуда.

Қазалы ауданы әкімі аппаратының
жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі.