kk ru
kk ru
Responsive image
Аудандық «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бастығы тағайындалды
Жаңалықтар / Аймақта 01 қараша 2018 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Аудандық «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бастығы тағайындалды

"Қазсушар" РМК Қызылорда облыстық филиалы директорының бұйрығымен Мусиров Исаахмет Исабайұлы «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің бастығы болып тағайындалды.

Исаахмет Исабайұлы 1974 жылы Қазалы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Қызылорда политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Қазалы автобазасында слесарь болып бастаған. 1997-2004 жылдары Қазалы су шаруашылығы басқармасында участке бастығы, 2004-2008 жылдары Қазалы қаласындағы агротехникалық колледжінде оқытушы, 2008-2011 жылдары Қазалы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2011-2016 жылдары Сумен жабдықтау нысандарын жөндеу және пайдалану мекемесінің директоры, 2016-2017 жылдары Қазалы ауданы әкімі аппаратының инспекторы, 2017 жылдан «Сенім-табиғат» ЖШС директоры қызметін атқарып келді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.