kk ru
kk ru
Responsive image
Құрметті аудан тұрғындары және қонақтарына хабарландыру
Жаңалықтар / Хабарлама 31 қазан 2018 ж.
kzvesti.kz

Құрметті аудан тұрғындары және қонақтарына хабарландыру

Сіздерді 2 қараша күні сағат 9-00-де басталатын "Алтын дән - 2018" мерекелік шарасына шақырамыз!

Мерейлі еңбек мерекесінде киіз үйлер тігіліп, "Қазалы өнімдері" көрме-жәрмеңкесі, білім мекемелерінің ұйымдастыруымен "Гүлдер" жәрмеңкесі ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылады.

Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті мен ауылдық округтердегі жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеге күріш, ет, балық, көкөністер, ұсақ малдары, мал азығы, қыстық отындар шығарылады. Ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 10-15% төмен сатылады.

Жәрмеңке Әйтеке би көшесі бойында, яғни, Қ.Пірімов және Үмбет би көшелерінің аралығында орналасады.

Берекелі жылдың мерекесін арттырып, мерейін тасытатын «Алтын дән - 2018» мерекесінен қалыс қалмаңыздар, ағайын!

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.