kk ru
kk ru
Responsive image
Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуі бойынша жалпыхалықтық диктант өткізіледі
Жаңалықтар / Хабарлама 27 қазан 2018 ж.
pravda-team.ru

Латын негізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуі бойынша жалпыхалықтық диктант өткізіледі

ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы №27 өкімімен бекітілген «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, латын негізді қазақ тілі әліпбиінің меңгерілуін жан-жақты қамту мақсатында республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізіледі.

Диктант жазу 2018 жылғы 14 қараша күні сағат 11.00-де барлық өңірде бір мезетте басталады. Диктантқа 15 жастан асқан барлық азаматтар (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, студенттер, оқушылар, т.б.) қатыса алады.

Белгіленген орынға келіп қатысушылар өздерімен қаламсаптарын алып келеді. Диктант арнайы әзірленген парақта жазылады. Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар диктантты emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жаза алады. Ұзақтығы 30 минутқа созылады.

Диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы kztilbas@mail.ru электронды поштасына жолдауы қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефоны: 8(72438)22013.

Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.