kk ru
kk ru
Responsive image
Қазалыда "Веломарафон - 2019" жарысы өтті
Жаңалықтар / Аймақта / Спорт / Фотобаян 13 мамыр 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Қазалыда "Веломарафон - 2019" жарысы өтті

Мамырдың 11 күні Қазалы ауданында Жастар жылына орай аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі мен "Заң заңғары" ЖШС-інің бірлесіп ұйымдастыруымен "Қазалы Веломарафон - 2019" жарысы ұйымдастырылды. Аталған шараны аудан әкімінің орынбасары Ә. Жарылқағанов ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сөре Ғ.Мұратбаев ауылынан басталып, Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда мәреге жетті.

Марафонға аудан жастары белсене қатысып, бұқаралық спортты насихаттауға үлестерін қосты.

8 шақырым жолды артқа тастап мәре сызығына алғашқы болып табан тіреген әуесқой спортшылар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі