kk ru
kk ru
Responsive image
Қазалыда отан қорғаушылар күні аталып өтті
Жаңалықтар / Аймақта 08 мамыр 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Қазалыда отан қорғаушылар күні аталып өтті

7 мамыр күні  Қазалыда аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті.

Аудан басшысы көпшілікті айтулы мерекемен құттықтады: «Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 27 жыл. Бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып саналады. Дәл осы күні Президенттің Жарлығымен еліміздің Қарулы Күштері құрылған болатын. Қазіргі күні біз еліміздің Қарулы Күштерін Тәуелсіздігіміздің сенімді қорғаны деп мақтанышпен айта аламыз» - деді.

Сонымен қатар, мерейлі мереке күні бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, әскери әндер мен билер орындалды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз:

Бөлісу: