kk ru
kk ru
Responsive image
Соғыс ардагеріне тұрғын үйдің кілтін табыстады
Жаңалықтар / Аймақта 08 мамыр 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Соғыс ардагеріне тұрғын үйдің кілтін табыстады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев Жеңіс мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Әуесбаев Лепес ақсақалға мерекеге орай құрмет көрсетіп, тұрғын үйдің кілтін табыстады. Сонымен қатар аудан басшылығы жаңа үйдің қоныс тойына теледидар тарту етті.

Өз кезегінде Лепес Әуесбаев ақсақал аймақ басшысына, аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Қазалы ауданынан 10 770 азамат майданға аттанса, 6229 жауынгер ғана аман-есен елге оралған. Олардың жыл артқан сайын қатары азайып, бүгінгі күні 5 ардагер арамызда.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі