kk ru
kk ru
Responsive image
Жас ақындар айтысы өтті
Жаңалықтар / Аймақта 19 наурыз 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Жас ақындар айтысы өтті

14 наурыз күні Ү.Түктібаев ауылында «Жастар дінді жырлайды» атты жас ақындар айтысы болып өтті. Дүлдүлдер сөз сайысына Жастар жылы басты арқау болды.

Аламан айтыс аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Қазалы аудандық Жанқожа батыр мешітіне қарасты Қожа Орынбет Ишан мешітінің ұйымдастыруымен қолға алынды. Аламан айтысқа облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Бекбанов қатысты. Айтысты аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі.

Айтысқа Қазалы ауданының ауылдарынан басқа Тереңөзек кентінен Айтбаев Бақтөре есімді жас ақын бақ сынасты. Айтысқа 12 ақын, 6 жұп қатысты. Бас жүлде Қожабақы ауылының 11-сынып оқушысы Амангелді Тоқтарбекке бұйырды. 1-орынға 11-сынып оқушысы Әбдіхан Бекзат лайық деп танылса, 2-орынды 10-сынып оқушысы Серіков Бекзат иемденді. Ал 3-орынға 7-сынып оқушысы Есебай Өміртай табан тіреді. Үшеуі де Майдакөл ауылының өрендері. Сондай-ақ айтыстың ең жас ақыны ретінде «Көрермен көзайымы» бағамына ие болған 5-сынып оқушысы Серіков Жанұзаққа қаржылай сый-сыяпат табыс етілді. Айтысқа қатысушыларға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Айтысқа жас ақын Ақжол Түменбай, сазгер Жібекәлі Бектұрған, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имимы Болатбек қажы Ұласқанұлы төрағалық етті.

Осындай аламан айтысқа ұйытқы болған Орынбет Ишан мешітінің имамы Ізәт Ғабдулла. Ал айтыстың өз деңгейінде өтуіне осы ауылдан түлеп ұшқан азамат бұл күнде Қызылорда қаласында тұратын жеке кәсіпкер Жетес Ыдырысұлы демеушілік жасады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі