kk ru
kk ru
Responsive image
Көктемгі судың мұзы қауіпті!
Жаңалықтар / Аймақта 13 наурыз 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Көктемгі судың мұзы қауіпті!

Су адамзат баласы үшін тіршілік нәрі болғанымен, қоршаған ортамыздағы су айдындары, арналар мен тоғандар, су қоймалары табиғаттың төрт мезгілінде де адамдар үшін де әркез қатерлі екені анық.

Ауа температурасының күннен-күнге жылынуына байланысты су айдындарындағы мұз жұқара бастайды. Жолды қысқартамыз деп су өткелдерінің кез-келген жерінен өтіп, төтенше жағдайларға душар болатыны қаншама. Сол себепті тұрғындардың мұз үстінен өту ережелерін жақсы білгені жөн.

Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін-өзі құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Қатты ағынды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде, қар астындағы мұзды жерлермен, бұта, қамыс қалың өскен жерлерде абай болу қажет. Мұз үстінде жүру ерекшеліктері: қатпаған мұз үстіне шықпау, топ болып тұрмау, мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамау, биік жерден шанамен сырғанамау, мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеу, мұз үстіне қараңғы кезде шықпау, өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеу керек. Мұздың толық қатпағанын білген жағдайда, сырғилап жүріп, мұз қатпағанын білсе тез қимыл жасау керек, мұздың жарылуына ондағы жарықшақ, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Егер суға түсіп кеткен жағдайда, артық жүктен арылып, су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасап, мұз бетіне бірінші бір аяқ, кейін екінші аяқты шығару қажет. Дем алып, мұз жарылған жерден алыстап, бар дауыспен көмек шақырыңыз.

Айтылған қауіпсіздік ережелерін сақтау көпшілікке ортақ және әр адамның өз өмірі үшін өзі жауапкершілікке ие екенін ұмытпағанымыз жөн.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі