kk ru
kk ru
Responsive image
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті
Жаңалықтар / Аймақта 13 қаңтар 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті

11 қаңтар күні аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен Қазалы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Күн тәртібінде қыс-көктем мезгілдерінде аудан аумағында болуы ықтимал су тасқынының алдын алуға дайындық шаралары мәселесі қаралды.

Комиссия отырысында аудан басшысы М.Ергешбаев төтенше жағдай кезінде ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген Қазалы қаласының тұрғындарына, ауданның полиция қызметінің қызметкерлеріне, «РЗА» АҚ, «Сыр-Маржаны» ЖШС, «Қазалы–Жолшы» ЖШС, «ҚазалыСуСервис» ЖШС, «ҚазалыКөркемСервис» ЖШС, «ҚазалыСтрой Сервис» ЖШС, «АгроСпецМонтаж» ЖШС, «Қазалы аграрлы техникалық колледжі» КМҚК және жеке кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарына алғысын білдірді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Сматуллаев Ғалым хабарлама жасады.

Аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын нақтылап, жауапты мамандарға тапсырмалар берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі