kk ru
kk ru
Responsive image
Аудан әкімдігі мәжілісі болып өтті
Жаңалықтар / Аймақта 13 қаңтар 2019 ж.
facebook.com/kazaly.audany

Аудан әкімдігі мәжілісі болып өтті

11 қаңтар күні аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі мәжілісі болып өтті.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда 2018 жылғы мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы және 2019 жылғы жоспардың бекітілу барысы туралы аудандық активтер және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Қайруллаев Мәулен хабарлама жасап, жыл бойы атқарылған мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар кәсіпкерлік саласында 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттері туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Бөріқұлақов Ақтілеу хабарлама жасады.

Одан кейінгі аппарат мәжілісінде жер қатынастары саласындағы кейбір мәселелер туралы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жанұзақ Ардақ хабарлама жасады.

Хабарламашыларға мәжіліс барысында сұрақтар қойылып, тиісті жауап алынды.

Мәжіліс соңында аудан басшысы атқарылған жұмыстарға өзінің бағасын беріп, тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз:

Бөлісу: