kk ru
kk ru
Responsive image
Жанкентте амбулаториялық емхана ел игілігіне берілді
Жаңалықтар / Аймақта 06 қаңтар 2019 ж.
Нұрлан Қанат

Жанкентте амбулаториялық емхана ел игілігіне берілді

4 желтоқсан күні Өркендеу ауылдық округіне қарасты Жанкент ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі М.Ергешбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары О.Искаков, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.

Ауылдық емхананың ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы М.Ергешбаев ауыл тұрғындарын жаңа амбулаторияның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ өңірімізде денсаулық сақтау саласында атқарылып жатқан оң өзгерістерге тоқталып өтті. Ауыл тұрғындарының атынан ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолмырзаев Өткелбай сөз сөйлеп, өзінің риясыз алғысын жеткізді.

Емхананың ашылуы рәсімінен соң аудан басшысы жаңа нысанның ішкі құрылымымен танысып, соңғы үлгідегі медициналық құрылғымен жабдықталған амбулатория ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз:

Бөлісу: