kk ru
kk ru
Responsive image
Қарияларымызға құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Аймақта 06 қаңтар 2019 ж.
Нұрлан Қанат

Қарияларымызға құрмет көрсетілді

31 желтоқсан күні аудан әкімі Мұрат Ергешбаев және аудандық мәслихат хатшысы Күнтілес Назымбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов соғыс ардагерлері Тубабергенов Тілеуберген, Мырзатаев Пірназар, Бектұрғанов Қалеп, Смағұл Қабақ, Әуесбай Лепес және Социалистік Еңбек Ері Алимаев Кәрібоз ақсақалдардың шаңырағына барып, мерекемен құттықтады.

Ардагерлерге Облыс әкімінің Құттықтауын табыстап, "Қызылорда қаласына -- 200 жыл" мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ қазыналы қарияларға аудан басшы қазақы дәстүрмен шапан жауып, сый-сыяпат көрсетті.

Ардагерлер өздеріне көрсетілген құрметке риза болып, баталарын берді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі