kk ru
kk ru
Responsive image
Жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті
Жаңалықтар / Аймақта 29 желтоқсан 2018 ж.
Нұрлан Қанат

Жыл қорытындысына арналған салтанатты жиын өтті

28 желтоқсан күні Қазалы ауданында 2018 Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап қатысып, аудан тұрғындарын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары жөнінде баяндама жасады.

2018 жыл ауданымыз үшін шын мәнінде, бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды. Ойда қалар оқиғаларымен, есте ұстар ерекшеліктерімен қымбат болды.

Қасиетті Қазалы елінде мұнан өзге де іргелі істер мен тындырымды тірліктер жетерлік. Әрине, бұл үлкен жетістіктерге ең алдымен жергілікті халықтың қажырлы еңбегі мен ел тыныштығын тілеген көптің шын ықыласы себепші болды деуге болады - деген аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап келесі жылы ауданда тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға «Қызылорда қаласына – 200 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Сондай-ақ әр сала бойынша 10 азаматқа "Жыл үздігі" номинациясы берілді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі