kk ru
kk ru
Responsive image
Салық салу базасын ұлғайту жөніндегі мәжіліс өтті
Жаңалықтар / Аймақта 29 желтоқсан 2018 ж.
Нұрлан Қанат

Салық салу базасын ұлғайту жөніндегі мәжіліс өтті

28 желтоқсан күні аудан әкімдігінде салық салу базасын ұлғайту жөніндегі мәжіліс отырысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап ашып, жүргізіп отырады.

«Жыл басында бюджетті ұлғайту мақсатында әр бағытта жұмыс жасайтын 3 жедел жұмысшы топтарын құрып, кешенді ісшара жоспарын бекіттік. Осы жоспарға сәйкес жыл бойы жұмыс жасалды. Сондықтан, бүгінгі мәжілісімізде атқарған жұмысымыздың нәтижесі мен алдағы уақытта атқаратын міндеттерімізде пысықтап алғанымыз жөн деп есептеймін» - деді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Дүзелбайұлы.

Биылғы жоспардың орындалуы мен Жаңа кешенді іс-шара жоспарының жобасын туралы Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қожабергенов Фердоуси хабарлама жасады.

Жиын барысында аудан әкімінң орынбасары Бақытжан Жарылқап атқарылған жұмыстарға өзінің оң бағасын берді.

Сондай-ақ жиын соңында салық базасын ұлғайтуға үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі