kk ru
kk ru
Responsive image
Аудан әкімінің шыршасы өтті
Жаңалықтар / Аймақта / Фотобаян 29 желтоқсан 2018 ж.
Нұрлан Қанат

Аудан әкімінің шыршасы өтті

28 желтоқсан күні Қазалы ауданы әкімінің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Оған аудан мектептерінен жиналған 50-ге жуық үздік оқушылар қатысып, жаңа жылдық шыршаның шамы жанды. Мереке қарсаңында балалар керемет көңіл күйге бөленді.

Жаңа жыл шыршасын тойлау салтанаты алдымен ертегі кейіпкерлерімен қызықты концерттік бағдарламамен басталды.

Мерекелік шарада аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап бүлдіршіндерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өтіп бара жатқан жылдың жемісті болғандығын, балалар үшін барлық жағдайлар жасалып, мектеп, балабақша, денсаулық, спорт нысандары салынып жатқандығын ерекше атап өтті. Және барлық оқушыларға бағалы сыйлық табыс етті.

Жаңа жылдық шыршада балалар би билеп, ән шырқады.

Концерттік бағдарламадан кейін балалар аудан әкімінің ең тәтті сыйлығы торттан ауыз тиді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, оқыңыз:

Бөлісу: